Иностранным абитуриентам

АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің № 472 бұйрығымен  № 000065 мемлекеттік лицензия негізінде жоғары білім беріп келеді.

Оқу орны 2015 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік аттестациясынан табысты өтіп, жоғары білім кеңістігінде өз мәртебесі мен имиджін көрсете алды.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты мемлекетіміздің 101 Қазақстандық ЖОО ішінде 20 Көшбасшы жоғары оқу орындарының қатарына еніп, 16 орынды иеленді.

Институт  төмендегідей мамандықтар бойынша бакалавр-мамандарды даярлайды:

5В070800 - Мұнай-газ ісі;                                                                                    5В050600 - Экономика;

5В070200 - Автоматтандыру және басқару;                                                       5В050900 - Қаржы;

5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;             5В030400 - Кеден ісі;

5В072900 - Құрылыс;                                                                                      5В011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі;

5В073200 - Стандарттау, сертификаттау;                                                     5В060200 - Информатика.

Институттың материалдық-техникалық базасы қазіргі заман талабына сай ұдайы дамуда. Оқу ғимараттары, жатақхана, кітапхана, оқу залдары, Интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сыныптар, интерактивтік, мультимедиялық қондырғылармен жабдықталған зертханалар, инновациялық технологиялармен қамтылған арнайы кабинеттер, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы республикалық электрондық кітапхана студенттердің сапалы білім алуына қызмет етеді. Бұл, өз кезегінде, студенттерге жаңа заманауи технологияларды жан-жақты игеруге және шет тілдерін еркін меңгеруге толық мүмкіндік береді.

Институтта 2000-нан астам студент білім алады. Оларға кәсіби біліктілігі мен ғылыми лауазымдары жоғары және ірі өндіріс орындарында еңбек еткен тәжірибелі мамандар дәріс береді.

     Институтта жоғары білім беру Болон дек­ла­рация­сының қағидаларын басшы­лық­қа ала отырып, заманауи инновациялық жүйе арқылы жүзеге асырылуда.  Білім беру үрдісі толығымен кредиттік техноло­гия негізінде модульдік оқыту жүйесі бойынша жүргізіледі.

Ұдайы өткізілетін пәндік олимпиадалар, студенттердің ғылыми конференциялары, семинарлар мамандықтарды жақсы меңгеруге, ізденістерге жұмылдырады. Жыл сайын институт студенттері шет елдердегі, еліміздегі түрлі ғылыми жобаларға, сайыстарға, конкурстарға үнемі қатысып, жүлделі орындарды иемденіп жүр. Институттың үздік оқитын студенттері Қазақстан Республикасының Президенті стипендиясының иегерлері.

Студенттер оқу және өндірістік тәжірибелерін ірі өндірістік кәсіпорындарда, атап айтқанда  «Теңізшевройл» ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Эмбамұнайгаз» ӨФ, «Каспиймұнайгаз» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, Атырау облыстық кеден бақылау департаменті және т.б. іргелі кәсіпорындарда өткізеді.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты ғылыми-педагогикалық кадрлардың білімін арттыру және студенттердің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында алыс және жақын шет елдерінің жоғары оқу орындарымен, белгілі ғылыми орталықтарымен ғылыми және оқу-әдістемелік қарым-қатынастар орнатқан. Институт профессор-оқытушылары Ангнлия, Франция, Жапония, Германия, Қытай, Венгрия, Малайзия мемлекеттерінде болып, біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасып, курстарға қатысып, сертификаттарға ие болды.

Білім алушылардың шет елдік және еліміздің жетекші оқу орындарымен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне мүмкіндік беретін 20-ға жуық әріптестік келісім-шарттар мен меморандумдар жасалып, іске асырылуда. Институт студенттері сыртқы және ішкі  академиялық оралымдылық негізінде Қытай, Польша, Ресей, Азербайджан және еліміздің іргелі жоғары оқу орындарында білім алуда.

Институт, ең алдымен, өз түлектерімен мақтанады. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын бітірген инженерлер мен басқа да мамандық иелері республикамыздағы мемлекеттік және нарық құрылымдарында, шет елдік компанияларда, фирмаларда, банктерде және басқа да салаларда табысты еңбек етуде. Ең бастысы – институт түлектері еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және  қашанда сұранысқа ие екендігін уақыт көрсетіп отыр. Ірі өндіріс мекемелерімен және жұмыс берушілермен жасалған келісім-шарттар негізінде түлектерді жұмысқа орналастыру бағытында институттың өзіндік бағдарламасы жасалған. Техникалық мамандықтарды бітірген түлектерге дипломмен қатар өндірістік және техникалық қауіпсіздік сертификаттары қосып беріледі. Бұл сертификаттардың жұмысқа орналасарда көмегі болатыны сөзсіз. Бизнеспен шұғылдануға бел байлаған түлектер үшін Кәсіпкерлер палатасымен бірігіп ұйымдастырылған бизнес-инкубатор  жұмысы да жандануда.

 Білім мен ғылымды, спорт пен өнерді ұштастырып, облыстық,  республикалық, халықаралық сайыстарда жүлдегерлер қатарынан көрінген студенттер көптеп саналады. Өнерлі жастардан құрылған «Жайдарман» (КВН) ойындарының жоғары лигасында өнер көрсететін «АИГИ» құрамасы бүкіл республикамызға танымал.

Біздің институтта студенттердің оқу ақысы да айтарлықтай төмен. Егер облыстағы басқа жоғары оқу орындарында оқу ақысы 340-450 мың теңге болса (мамандыққа байланысты), біздің институтта 210-220 мың теңге аралығында және көптеген жеңілдіктер де қарастырылған.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты инновациялық бағдарламаларды сәтті іске асырағаны үшін Европа кәсіпкерлер қауымдастығының  «INSAM» алтын медалімен (Женева, 2005 ж), Халықаралық «Алтын Құймамен» (CBS Consult, Маскеу, 2007) марапатталды.

 

Институт мамандықтары бойынша біліктілік сипаттамасы:

 

5В070800 – Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша бітірушілерге техника және технологиялар бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

5В070800 – Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша бітірген түлектер келесі лауазымдарда жұмыс істей алады:

  • мұнай және газ өндіру операторы;
  • ұңғымаларды зерттеу бойынша оператор;
  •  қабат қысымын ұстау цехының операторы;
  • мұнай айдаудың және дайындаудың цех операторы;
  • бас құрылғы операторы;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстары цехының операторы;
  • ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу шеберінің көмекшісі;
  • жобалау институтының, жобалау-конструкторлық бюро маманы, инженері, технигі;
  • ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері, инженері, технигі, лаборанты және басқалар.

5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша бітірген түлектерге техника және технологиялар бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектерді өндірістің барлық саласында ақпаратты өңдеу әдістері мен құралдарын қолдана отырып басқару мен байланысты техникалық жүйелерде автоматтандыру, ақпараттандыру және басқару бағытында жұмыс істеуге дайындайды.

 

5В072900 – Құрылыс мамандығы бойынша бітірген түлектерге техника және технологиялар бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Бітірушілерге төменде көрсетілген қызметтерді істеуге рұқсат етіледі: ІІІ дәрежелі инженер конструктор, ІІ дәрежелі инженер-лаборант, ІІІ дәрежелі инженер-технолог, механик, техник, техник-конструктор, техник-лаборант, еңбек бойынша техник, техник-технолог.

 

5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша бітірген түлектерге техника және технологиялар бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Бітіруші түлектердің кәсіпшілік қызметі, технологиялық жүйелер, техникалық құралдар, әртүрлі берілісті қамтитын, сәулелендіру және белгілерді қабылдау, дабылды, жазбаша мәтінді, дыбысты түсіру, өткізгіштік, радио, электроныдқ құралдармен ақпаратты өзгерту, оптикалық немесе басқада жүйелер болып табылады.

 

5В073200 –  Стандарттау және сертификаттау мамандығы бойынша бітірген түлектерге техика және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Кәсіби қызметтің саласы – өнімге (қызметке) үрдіске (жұмысқа) және жүйеге қойылатын өнім мен қызметтердің жоғары сапасы мен қауіпсіздігіне, өндіруші мен тұтынушы үшін жоғары экономикалық тиімділікке бағытталған талаптарды, нормаларды, ережелерді анықтау, іске асыру және бақылау.   

 

050600 – Экономика мамандығы бойынша бітірген түлектерге экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

5В050600-Экономика мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры экономист аналитикалық, ұйымдастырушылық (әкімшілік) және білім берушілік (оқытушылық) қызметтерді келесі салаларда атқара алады: ұйымдық-нысандары әртүрлі шаруашылық жүргізуші субьектілерде салалық және өңірлік нарықтардың қызметін зерттеу; кәсіпорынның менеджент жүйесін жетілдіру; кәсіпорынның экономикалық стратегиясын қалыптастыру; мемлекеттік, салалық және фирмаішілік деңгейде әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу.

 

5В050900 – Қаржы мамандығы бойынша бітірген түлектерге экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Аталмыш мамандықты бітірушілер кәсіпорынның барлық меншік түрлері мен қызмет аясында кеңес беру, аналитикалық, кәсіби қызметтерді,  қаржылық және сақтандыру ұйымдарында, банктік мекемелерде, ипотекалық, факторингтік, брокерлік, зейнетақы, инвестициялық компанияларда, микронесиелік ұйымдарда, несиелік ұйымдарда, несиелік бірлестіктерде, бағалы қағаздар нарығында қызмет жасай алады. 

 

5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша бітірген түлектерге білім бакалавры (шет тілдері) академиялық дәрежесі беріледі.

Белгіленген тәртіп бойынша мамандығына байланысты негізгі және мамандырылған шетел тілінен дайындығына сәйкес: бастауыш, орта білім беретін және бейінді (профильді) мектепте бір немесе екі шетел тілі (еуропалық немесе шығыс тілдерінің біреуі) мұғалімі; мамандырылған мектеп мұғалімі (шетел тілдерін тереңдетіп оқытатын және бірқатар пәндерді шетел тілінде оқытатын мектептер); техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде шетел тілдері мұғалімі ретінде кәсіби іскерлігін жүзеге асырады.

           

5В030400 – Кеден ісі мамандығы бойынша бітірген түлектерге құқық бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Кәсіби қызмет саласы кеден органдары, салық қызметі, қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру, қазынашылық, дәрменсіз борышқорлармен жұмыс істеу, қаржы полициясы, ішкі істер, прокуратура, ҰҚҚ, орталық және жергілікті мемлекеттік органдары, білім беру жүйелері болып табылады.

           

5В060200 – Информатика мамандығы бойынша бітірген түлектерге жаратылыстану бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Бітірушілердің кәсіптік қызмет объектісі – жобалау және ғылыми-зерттеу институттары, басқару органдары, ақпараттық технологиялар департаменті, қаржылық ұйымдар, бизнес-структуралар, білім беру мекемелері, оқу орындары, өнеркәсіптік өндіріс бола алады.

 

Институтқа қабылдау мынадай тәртіп бойынша жүзеге асырылады:

  • Орта мектепті және арнаулы орта оқу орнын бітірген талапкерлер – ҰБТ, кешенді тест (КТ) сынағының нәтижесі бойынша берілген сертификат негізінде оқуға қабылданады;
  • Екінші жоғары білім алушылар – кез келген мамандыққа емтихансыз қабылданады.

Күндіз оқыту бөлімінде оқу мерзімі – 4 жыл, жоғары білім негізінде – 2 жыл, арнаулы кәсіби орта білім негізінде оқуға түсушілерге –3 жыл.

Институтты бітірген түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Артықшылықтар мен жеңілдіктер:

    • өлкеміз бойынша ең төмен оқу ақысы;
    • оқу ақысы институтты бітіргенге дейін өзгермейді;
    • оқу ақысын төлеудің ең тиімді жүйесі;
    • оқу озаттары үшін жеңілдіктер қарастырылған;

- оқу озаттары үшін академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша оқыту мүмкіндігі;

    • биылғы оқу жылында мектепті үздік бітірушілер бірінші семестрде тегін оқытылады;
    • спорт, өнер салаларында халықаралық, республикалық дәрежедегі сайыстарда жоғары жетістіктерге жеткен студенттерге де оқу ақысына жеңілдіктер көзделген;
    • барлық студенттер үшін Интернет жүйесін тегін пайдалану мүмкіндігі;
    • шет тілін және компьютерлік техниканы терең игеру мүмкіндігі;

- басқа облыстардан немесе аудандардан келген студенттер үшін жатақханадан орын беріледі;

- студенттер үшін дәрігерлік пункт жұмыс жасайды;

- ҰБТ немесе КТ-дан белгіленген шекті балды ала алмаған талапкерлер де шартты түрде оқуға қабылданады.

Институт құрамында жоғарыда көрсетілген мамандықтар бағытында орта кәсіптік мамандар даярлайтын Колледж жұмыс жасайды.

  Біздің институтта сапалы білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған. Келіңіздер, Сіздер үшін институтымыздың есігі ашық!

 

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар:

1.Білімі туралы құжатының

түпнұсқасы (аттестат немесе диплом)

2.Дәрігерлік анықтама 086-У (түпнұсқасы), №063 (көшірмесі)

3.3×4  сурет- 4 дана

4.Төлқұжат (көшірме) - 2 дана

5.Мекен-жай анықтамасы

6.Скоросшиватель – 1 дана

7.Конверт – 1 дана

 

 

Біздің мекен-жайымыз: 

060011  Атырау қаласы,   

Худин көшесі, 6

Instagram @aigi_institute

Тел/факс: 8 (7122) 31-68-52,

8 702 893 0668

www.aigi.kz; Е-mail atyrau@aigi.kz;