АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ/МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ

Атырау инженерлік - гуманитарлық институты 2019 жылдың 25-29 наурыз аралығында институттың білім беру қызметі ҚР БжҒМ белгілеген нормативтерге (ережелерге) сәйкестігін тану тәртібі, олардың сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны жетілдірудің тиімді механизмдерінің болуын растау мақсатында «ARQA» аккредиттеу және білім сапасын сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігінен институционалдық/мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

Оның нәтижесінде институттың 2013-2018 жылдардағы өзін-өзі бағалау қорытындыларын қарастырып «ARQA» аккредиттеу және білім сапасын сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігінің стандарттарына және Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігінде сапаны  қамтамасыздандыру стандарттары және нұсқаулықтарына (ESG) сәйкес, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты институционалдық/мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.

 

Мамандандырылған аккредитация бойынша 10 білім беру бағдарламасына аккредиттелгендігі туралы куәлік берілді:

5В071900-«Радиотехника, электроника және телекоммуникация»

5В072900 – Құрылыс

5В 070200 – Автоматтандыру және басқару

 5В073200-Стандарттау, метрология және сертификаттау

 5В050600 - Экономика

5В050900- Қаржы

5В011900- Шетел тілі: екі шет тілі

5В030400- Кеден ісі

5В060200- «Информатика»

5В070800-Мұнай –газ ісі

 

Аккредитация 2024 жылдың 29 мамырына дейін жарамды.